Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының қазақ тілі педагогі
(0,75 ставка, оқыту тілі қазақша).
Лауазымдық жалақысы: білім деңгейі, еңбек еткен жылдары мен біліктілік санатына байланысты 152 272 теңгеден 167499 теңге аралығында.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
оқытылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады;
қазақ, орыс тілдерін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді;
мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, олардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;
оқытудың түрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты қолданады, инновациялық технологияларды меңгерген;
жоспарлауға ғылыми-әдістемелік тәсілді жүзеге асырады, дамытушы оқытуға орната отырып, сабақтарға бағдарламалық материалды пысықтайды және түзете алады;
бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілікті арттырады;
тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауап береді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) -
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы МКҚК-ң ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 1 -тамыздан бастап 9- тамызға дейін жүзеге асырылады.