Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесінде ата - аналармен тығыз қарым-қатынас орнату маңызды және бұл мобильді консультациялық пункттерді ұйымдастыру әдістерінің бірі. МКП қызметін ұйымдастыру ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыруға, балаларды тәрбиелеуде, оқыту мен дамытуда, әлеуметтендіруде мүмкін болатын қиындықтардың алдын алуға, олардың табысты дамуы үшін жағдай жасауға, өмірлік қиын жағдайларда жүрген отбасыларды атаулы қолдау есебінен әлеуметтік шиеленісті төмендетуге, сондай-ақ атааналар мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға, отбасы мен педагогтер арасындағы әріптестік қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді. МКП мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту мәселелері бойынша кеңес беруге және әдістемелік көмек көрсетуге, сондай-ақ ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық сауаттылығын арттыруға және отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған.
https://www.instagram.com/reel/DaDEBlqt6B1/?igsh=MWxrOG5yN3J0NjFmNQ==