Жоба атауы: «Мультимагия»
Жоба мақсаты
Балалардың шығармашылығын дамыту арқылы, өнертапқыштыққа қызығушылығын арттыру, жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық, бірлік пен ынтымақтастық құндылықтарын бала бойына дарыту, еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
Күтілетін нәтиже:
* Балалар мультфильмнің тарихы мен оны жасау тәсілдері туралы бастапқы білім алады.
* Мамандықтар туралы түсініктер қалыптасады: сценарист, суретші-аниматор, оператор, дыбыс режиссері.
* Балалар шығармашылық іс-әрекетке қызығушылық танытады, ізденушілік пен танымдық белсенділікке ынталы болады;
* Шығармашылық ойлау, қиял, анимациядағы уақыттық және кеңістік қатынастарын түсіну дамиды.
* Қолдың ұсақ моторикасы, байланысқан сөйлеу дағдылары, әртүрлі көркемдік құралдарды пайдалану қабілеті жетілдіріледі.
* Коммуникативтік дағдылар мен шағын топтарда жұмыс істей білу қабілеті артады.
* Балалар сенсорлық тәжірибесін кеңейтеді және эстетикалық қабылдауы дамиды.
* ЖИ пайдаланады.
Жоба атауы: Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу.
Жоба мақсаты: Балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, еңбекке және әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: •Балалар 8–10 түрлі мамандық туралы бастапқы түсінік қалыптастырады
• Еңбек әрекеттерінің қарапайым түрлерін өз бетінше орындай алады
• Еңбекке деген қызығушылықтары артады
• Еңбекқорлық, жауапкершілік, ұқыптылық қасиеттері дамиды
• Қоршаған ортаға және адамдар еңбегіне құрметпен қарауды үйренеді
• Қарапайым тұрмыстық және ұжымдық еңбек дағдылары қалыптасады
• Өз әрекеттерін жоспарлау және аяқтау дағдылары дамиды
• Құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу қабілеттері артады
• Шығармашылық және танымдық белсенділігі жоғарылайды.
https://www.instagram.com/reel/DPBUlsFjdYC/?igsh=aTBhbmtkc21mNGFm
https://www.instagram.com/reel/DTha0Z-jVW8/?igsh=MW5yYXFicjRxMnp1
https://www.instagram.com/reel/DVsepgQjV30/?igsh=M2k4bjBvaDc3dmFl
/public/files/2026/7/8/080726_173817_innovacionnaya-deyatelynosty-nashego-detskogo-sada.pdf