Мектепке дейінгі ұйымның жазғы сауықтыру кезеңдегі жұмысының негізгі мақсаты - сауықтыру жұмысын ұйымдастыру және балалардың танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін неғұрлым тиімді жағдайлар жасау.
Жаз мезгілінде таза ауада болу баланың ағзасын нығайтады және шынықтырады, оның жан-жақты дамуына оң әсер етеді. Дәл осы кезең мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту үшін пайдаланылады.
Жаз мезгілінде балаларды сауықтыру жүйесіне баса назар аударылады, ол мыналарды қамтиды: -балалармен дене шынықтыру-сауықтыру (таңертеңгі жаттығу, спорттық және қимылды ойындар, дене жаттығулары, дене шынықтыру мерекелері мен сауық кештер) жұмыстарын; -пайдалы тамақтану (жемістер мен көкөністер, шырындар, дәрілік шөптерден жасалған шай және т. б.) рационын; - бала ағзасын шынықтыру (күн сәулесі және ауа ванналары, шөптің үстінде жалаң аяқ жүру, шомылу және т. б.); - балалар туризмі (жаяу, велосипедпен), экскурсиялар, табиғатта серуендеу және т.б.). - мерекелік шаралар; -балаларды сауықтыру бойынша ата-аналармен (заңды өкілдермен) жүргізілетін ағарту жұмыстарын; профилактикалық іс-шараларды (сколиоз, жалпақ табан, көру қабілетінің бұзылуының алдын алуға арналған арнайы жаттығулар кешені) қамтиды.
Жаз - жылдың тамаша мезгілі! Табиғи факторлардың: таз ауаның, күн сәулесінің және судың сарқылмас мүмкіндіктерін қолдана отырып, таза ауада ойнауға, толықтай шынығуға болады. Жазғы сауықтыру кезеңінде балаларға арналған «Жаз да келді, көңілді», «Қауіпсіз жаз», «Бақытты балалық шақ», «Жас із кесушілер» атты бірқатар іс-шаралар өткізілді. Балалар жаз мезгілі кезінде қауіпсіздік ережелерін және жолда жүру ережелерін үйреніп, тәжірибеде бекітті. Күн таңғы жаттығудан басталып, асфальтқа суреттер салу, құмнан қамалдар жасау, көпіршіктермен ойнау және суда балық аулау, массажға арналған кілемшелермен жүрумен жалғасты. Балалардың әрбір сәттері көңілді және қызыққа толы болды.