«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ШОРТАНДЫ КЕНТІНІҢ «БАЛДӘУРЕН» БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ.    
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ДЕТСКИЙ САД «БАЛДӘУРЕН» ПОСЁЛКА ШОРТАНДЫ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ».        

Дене-шынықтыру және сауықтыру жұмыстары

Біліктілік арттыру курсы туралы есеп.
2023 жылғы 29 мамыр - 9 маусым аралығында Астана қаласында «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы » РМҚК ұйымдастыруымен №92 мектеп-лицейі базасында мемлекеттік тапсырыс аясында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы дене шынықтыру нұсқаушыларының кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын дамыту» бағдарламасы бойынша офлайн оқыту форматындағы біліктілігін арттыру курсын аяқтадым.
Осы курста баланың физикалық дамуы мен денсаулығын жақсартуға бағытталған негізгі дағдыларды дұрыс қалыптастыру бойынша әртүрлі әдістер мен тәсілдерді меңгергеніме және өзімнің кәсіби құзыреттілігімді дамытуға мүмкіндік болғанына қуаныштымын.
Курс Бағдарламасы 5 модуль бойынша оқытылды , мақсаты жеке тұлғаға бағытталған және технологиялық тәсілдер контексінде түзету – дамыту білім беру процесін сәтті жобалауды қамтамасыз ететін дене шынықтыру сабақтарында заманауи технологияларды пайдалана отырып, дене тәрбиесі және мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарының, тәрбиешілері мен дене шынықтыру нұсқаушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру болып табылды. Әр сабақ күн сайын жаңарып, біліміміз кеңейе түсті, әр сәтті тиімді өткізе білдік. Бұрын өткізген дәстүрлі сабақтарымды осы теориялық курста үйренгеніммен салыстырып, үлкен айырмашылықтар бар екеніне көзім жетті.
Курс барысында оқығанымызды, білгенімізді, көргенімізді, түсінгенімізді, бес модульдегі қарастырылған идеяларды, сабақта пайдаланатын жаңа әдіс тәсілдер мен стратегияларды практикамда тиімді қолдануды негізгі мақсатым ретінде алдыма қойдым.
Сонымен бірге «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытуда "Бестемше" ұлттық зияткерлік ойынын үйретудің әдістемелік ерекшеліктері атты шеберлік семинарына қатысып, тәжірбие алдым.
Абсаматова Салтанат Жыланбаевна –«Балдәурен» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы.
 
Жаңартылған күні: 21.06.2023 11:40
Құрылған күні: 21.06.2023 12:16

Instagram Facebook

   
Ұйымдар тізімі
Текст