" />
Балабақшамызда ағымдағы жылдың 18-інші қарашасында бракераждық комиссия отырысы өткізілді, оның мақсаты балабақшадағы тамақтану сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл отырыста ата-аналар жүргізген сынамалар негізінде дайындалған тағамдардың санитарлық-гигиеналық нормалар мен стандарттарға, сондай-ақ олардың дәмдік қасиеттеріне сәйкестігі де қаралды.
Комиссия мүшелері Савченко Сюзана Владимировна және Кабдуллов Олжас Куанышпаевич балабақшаның ас мәзірімен танысып, балалардың тамақтану процесін бақылады. Медбике мен шаруашылық меңгерушісі тағамға қолданылатын азық-түлік түрлерімен таныстырып, 1 (бір) күндік тағам нормасын өлшеп көрсетіп, таңғы, түскі және кешкі астан сынама алынды.
Комиссия тарапынан шағымдар мен ұсыныстар болмады.