Ертеңгіліктің сценариі
Алтын Күзді балалар қалай қонаққа шақырды
Мақсаты: Балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлау
Тапсырмалар:
· Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
· Дербестікке, ізгі ниетке, тіл табыса білуге бейімде.
· Шығармашылық қиялын, есте сақтау қабілетін, зейінін, тілін дамыту.
· Балалардың күз нышандары, орман жануарлары туралы білімін кеңейту және бекіту.
· Топтық ән айту кезінде вокалды-хордық икемін бекіту.
· Балалардың музыка-ритмикалық икемін би, жаттығу, ойындар арқылы жетілдіру.
Басты кейіпкерлер:
Ересек адамдар: Жүргізуші, Алтын Күз
Балалар:Кірпі, Қоян, Түлкі, Тышқан
Мереке барысы
Жүргізуші: Қарашы күз
келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді.
Балалар:
1. Жайдары
күз, жомарт күз
Аяулы
күз, алтын күз
Дәнге
толы кең далам
Дариядай
шалқып жүр.
2. Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі.
3. Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
4. Қарашы күз келді,
күз келді
Жапырақ
жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді.
5. Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзге нұр төгіп.
Ән «Куз» Ср .гр.
Жүргізуші: Балалар, қане Алтын Күзді мерекемізге шақырайықшы.
Балалар жүргізушінің сөздерін қайталайды:
Алтын Күз, Алтын күз кел бізге қонаққа,
Болып қайт біраз уақыт қонақта.
Жүргізуші: Ән ойналып жел соғып,
Келеді біреу дүр-дүрс қағып.
(Әуен ойналып,
Түлкі шығады)
Түлкі: Міне,Алтын Күз келді
Ағаштар сары күйге енді.
Менде кидім әдемі көйлегімді
Қарсы алайық деп мерекені көңілді.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, түлкішек!Біз Алтын Күзді шақырып едік, ал сен оның қайда екенін білмейсің бе?
Түлкі: Мені Алтын Күз жіберіп еді,
Сендермен «Ойын ойнасын» деді.
(Түлкі айналып жүріп, жапырақтарды шашады)
Жүргізуші:
Жүріңдер,балалар Түлкімен ойнайық,
Түрлі-түсті жапырақтарды жинайық.
(Ортаңғы топ балалары екі-екіден жапырақ алады)
Би «Танец с листочками» ср.гр.
Жүргізуші: Қане, балалар, Түлкіге жапырақтар туралы ән айтып берейікші.
«Маленький танец»
мл.гр.
Жүргізуші: Балалар, Алтын Күзді тағы бір рет шақырып көрейікші
Балалар жүргізушінің сөздерін қайталайды:
Алтын Күз, Алтын күз кел бізге қонаққа,
Болып қайт біраз уақыт қонақта.
Тышқан кіреді.
Тышқан:Мен тышқанмын-тықырлауық
Дыбыс, шулы күлкі естіп тықылдауық.
Бет алдым осында балабақшаға
- Кім тұрады?,- деп бұл балабақшада.
Жүргізуші: Тышқан, біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз, ал сен шалқанды жақсы көресің бе?
Тышқан: Ия
Жүргізуші: Онда бәріңді бір қызықты ойын ойнауға шақырамын. Ол ойын «Шалқан» деп аталады.
Ойын «Шалқан» ст.гр.
Балалар шеңбер
құрып тұрады. Шеңбердің ортасында-«Шалқан», ал сыртында «Тышқан».
Балалар шеңбер
бойымен жүре отырып, қайталайды.
Шалқан, шалқан өсе ғой
Тышқан бойына жете ғой.
Бұл уақытта Шалқан өсе бастайды, ал Тышқан қарсы жүріс жасайды. Өлең аяқталысымен балалар байланған қолдарын жоғары көтереді, «Шалқан» қаша бастайды, «Тышқан» оны ұстап алады. Ойын соңында «Тышқан» мен «Шалқан» билейді.
Жүргізуші: Балалар, қане, Алтын Күзді тағыда шақырып көрейікші.Қаттырақ!
Алтын Күз кіреді.
Жүргізуші:Сәлеметсің
бе,Алтын Күз! Сенің келгенің қандай жақсы болды!
Алтын Күз:
Сәлеметсіңдер ме! Мен Алтын Күз боламын,
Сендермен көңіл көтеріп,
Түрлі ойын ойнап,
Би билеп ән саламын.
Жүргізуші: Алтын Күз
ал сенің себетіңде не бар?
Алтын Күз: Менің
себетімде жаңбыр тамшылары бар.
Жүргізуші: Ал біз жаңбырдан қорықпаймыз, қане балалар жабырмен ойын ойнап, жаңбыр туралы ән айтайықшы.
Ән «Жанбыр», ст. гр.
Алтын Күз: Менің себетімде тағы да сендерге арналған галоштар бар.Сендер сулы жерден жүргенде
аяқтарың су болып қалмас үшін.
Ойын «Шалшықты калошпен айналып өт» ср. гр.
Екі баладан қатысады.
Дыбыс берілген уақытта балалар калошты киіп, орындықты жүгіріп барып айналып
өтеді. Кім шапшаң болса, сол жеңімпаз.
Жүргізуші:Бізге сиқырлы орманнан кірпінің жүгіріп келе жатқаны көрінеді.
Кірпі: Мен орман кірпісі
Үстім толы түйме
Қадамаймын бірақта
Іс тігіп мен,түйме.
Жүргізуші: Ал сен ткеніңе қадап не әкелдің?
Кірпі: Саңырауқұлақтар, алмалар, жапырақтар, гүлдер.
Жүргізуші: Ал сен қарағай бүршігін (шишка)әкелдің бе? Қане, балалар бірге ойнайық!
Әуенді ойын «Бүршікті жина», мл. гр.
Ойыннан кейін залға Қоян жүгіріп келеді.
Жүргізуші: бізге тағы да Қоян секіріп келіп қелді.
Қоян: Мен кішкентай көжекпін,
Қорқақ емес өжетпін.
Маған зорға тигені - ай
Үлкендерден кезектің.
Жүргізуші: Ал сенің дорбашаңда не бар?Көкөністер ме?Қандай көкөністер екенін білмейсің бе? Онда біздің балалар
сипап, тауып көрсін.
Ойын «Дорбадағы мысық»
Дорбадан алмай тұрып, жеміс не көкөніс екенін ажырата білу.
Алтын Күз: Менің орманымдағы аңдар тату және өте адал, және олар би билегенді жақсы көреді.Қане, балалар, олармен бірге «Қыздар қайда, ұлдар қайда » биін билейік.
Би-ойын « »
Алтын Күз: Менде сендерге құр қол келмедім. Менің алмаларымды жеп, қыс мезгіліне денсаулықтарыңды нығайтып алыңдар.(Балаларды алма таратып береді)
Жүргізуші: Көңіл-күйді көтеріп,
Дос та болдық біз бүгін.
Достар бірге жүреміз
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Әнді де бірге саламыз
Міне, біздер қандаймыз!
Алтын Күз: Балалар сендермен
қоштасатын сәт те келді.Көріскенше, сау
болыңдар!