16.08.2023
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарын лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібінің қағидасына сәйкес "Балдәурен" балабақшасындағы бос мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі және педагог-психолог лауазымдарына конкурс ағымдағы жылдың тамыз айының 15 - күні өткізілді. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі лауазымына орналасуға құжат тапсырған 1 ғана кандидат болды.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген және конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған біліктілік талаптарына сәйкес келген үміткер мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылды.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының педагог-психолог лауазымдарына конкурс нәтижесінде бос лауазымға орналасуға кандидаттар анықталмағандықтан конкурс өтпеді деп танылды.