ХАБАРЛАНДЫРУ!!! «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің «Балдәурен» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мектепке дейінгі ұйымның педагогтеріне бос лауазымдарға орналасуға ашық Конкурс жариялайды:
ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ (1 ставка, оқыту тілі қазақша және орысша);
ТӘРБИЕШІ (1,125 ставка, оқыту тілі орысша).
Музыкалық жетекші (1,5 ставка, оқыту тілі қазақша және орысша).
Орташа лауазымдық айлықақысы 220 916 тенге.
Ескертпе.
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Орналасқан жері: Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Шортанды кенті, 30 лет Победы көшесі 45 В.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8 (716-31) 2-11-72, 87475008229
Электрондық пошта: baldayren@mail.ru
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
13.07.2023– 21.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 31.07.2023 жыл. «Балдәурен» балабақшасы» Шортанды кенті, 30 лет Победы көшесі 45 В.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.