Текст
Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету және электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттыру мақсатында "Балдәурен" балабақшасы МКҚК-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды.
Педагогтер мен тәрбиеленушілердің ата-аналары ХҚКО-ға жүгінбей-ақ, Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы (www.e-gov.kz) мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға мүмкіндікке ие. Бұл оларға уақыт пен қаржылық шығындарды азайтуға, анықтамаларды, куәліктерді, рұқсат қағаздарын және басқа да қажетті құжаттарды алуды жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік береді.