Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
1. Көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің «Балдәурен» балабақшасы» МКҚК Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік мекеме 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1.«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою».
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- электронды , автоматтындырылған жүйе бойынша.
2022 жылы –21 қызмет көрсетілді, барлығы да - «akmola.kz» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.
2.«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау».
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық. Қызмет көрсету тәсілдері: көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық «akmola.kz» жүйесімен жүзеге асырылды.
2022 жылы 73 қызмет «akmola.kz» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша "Балдәурен" балабақшасы МКҚК Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының ақпараттық стендін ресімдеді. Тиімділік пен қолжетімділік мақсатында "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы"жұмыс істейді. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шығымдар болған жоқ.