Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны "Балдәурен" балабақшасы " " Мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою " және "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетеді
Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 30 мин.
" Мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою " мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері :
Білім беру порталы : akmola.kz (ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ЭЦҚ арқылы).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1)1-қосымшаның қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2)баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3)көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері :
1. Қабылдауға арналған жолдама;
2. Ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3. Баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469
бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген)
бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі
нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
5. Баланың денсаулығы туралы анықтама;
6. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін);