«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ШОРТАНДЫ КЕНТІНІҢ «БАЛДӘУРЕН» БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ.    
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ДЕТСКИЙ САД «БАЛДӘУРЕН» ПОСЁЛКА ШОРТАНДЫ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ».        

«Мысық, торғай және әтеш»

25.01.2018

«Мысық, торғай және әтеш»

 орыс халық ертегісінің желісі бойынша  драмалық нысандағы театрлық қойылымын ұсыну конспектісі  

Мақсаты:

·       Мектеп жасына дейінгі аралықтағы зияткерлігі төмен

балалардың танымдық және ойындық тәжірибесін арттыруға жәрдемдесу;

·       Коммуникативтік қабілеттін, көңіл күйлік, еркіндік

саласын арттыру және ерікті әрекетін қадағалай алу;

·       элементарлық шығармашылық әрекетін қалыптастыру;

·       көрнекі бейнелілігін дамыту және көрнекі нақты

ойлауын жаттықтыру.

Міндеттері:

1.    «Мысық, торғай және әтеш» орыс халық ертегісінің мазмұны

мен оқиғалардың орын алу желілігін драмаландырылған ойындық бейнелерде оларды

мәнерлі дамыту үшін балалардың білімін қолдану.

2.     Балалардың нағыз достық пен

жолдастық туралы түсінігін нақтылау мен нығайу, осы түсініктерді шынайы өмірде

және отбасындағы және балабақшадағы тұрмыстық жағдайда қолдана білуін

қалыптастыру.

3.     Балалардың өз кейіпкерінің

бейнесіне енуге (айналуға) және оның мінездік ерекшеліктерін өз қимылдары,

әркеттері мен сөзі, бет қимылы, дауысы мен дене қимылы арқылы беруге үйрету.

4.     Есту назарын арттыру және өз

әрекетін әуен ырғағымен және алып жүруші фонограмма екпінімен үйлестіруге

баулу.

5.     Берілген рөлге сәйкес өзіндік

сөйлеу белсенділігін жаттықтыру, сөйлеу тілін және дауыс күшін анық шығаруға,

сөйлеу кезіндегі демін бақылай алуын жаттықтыру.

6.     Балаларды бір-бірімен өзара

балалар театрының әртістері ретінде әрекет етуге ынталандыру, сахналас

жолдастарына қолдарынан келгенше көмек көрсетуге, түсінісу мен бірге мұңая

білуге, көңіл аудара білу сезімдерін дамыту.

Жабдықтар:

·       Ертегі кейіпкерлерінің әртістік балалар киімдері

·       Жұмсақ құрастырмалы модульдер

·       Ертегі фонограммасы мен достық туралы әндер

 

Сабақты өткізу барысы:

1.     Тәрбиешінің балалармен әңгімелесуі.

Балалар көрермен ретінде көрермендер залында

орындықтарда отырады.

·       Қымбатты балалар мен құрметті үлкендер,

сәлеметсіздер ме?!

·       Айтыңыздаршы, сіздер дос бола аласыздар ма?

·       Сіздердің достарыңыз бар ма?

·       Сенің досыңның аты кім?

·       Сіз қиындыққа тап болған танысыңызға немесе

досыңызға әрдайым көмекке келесіз бе?

·       Кімді қиындықтан құтқардыңыздар, айтыңыздаршы?

·       Ренжіген адамға көмектестіңіз бе?

·       Үлкендерді тыңдайсыздар ма?

·       Сіздер қандай жақсы балақайлар мен жақсы

достарсыздар. Достар туралы ертегі мен әңгімелерді жақсы көретін шығарсыңдар.

Еске түсіріп көрейікші, достық туралы және жақсы қарым-қатынастар туралы

ертегілер қалай аталады? Мына кітапқа қараңдар («Теремок» ертегісі). Тар

үйшікте ренжімей кімдер тұрды? /кітап пен сурет негізінде балалар ертегі

кейіпкерлерін атайды/

·       Түлкіге өкпелеген қоян туралы ертегі қалай

аталады?/«Заюшкина избушка» кітабын көрсету/. Кімнің әлсіз қоянға көмектескісі

келді? Кім оны қорғаған? Әтеш қандай сөздер айтты?

·       «Мысық, әтеш және түлкі» ертегісіндегі достар

кімдер?/балалар ертегі бойынша 

суреттерді көреді/. Әтеш неге қайғыға душар болды?

·       Ғажайып достар туралы сендерге ертегі айтып

берейін. Орыстың бір халықтық ертегісінде өзінің достары мысық пен  торғаймен өмір сүретін алтын айдарлы әтеш

тұрады. Жақында ғана осы әтеш өзінің үлкен жолдастарының кеңестерін тыңдамай,

соның салдарынан өте жағымсыз жағдайға тап болыпты.

·       Қандай оқиғаға тап болғанын білгілерің келе ме?

·       Ендеше орындықтарыңына жайланып отырыңдар. Мұқият

тыңдаңдар, қараңдар.

 

2.    «Мысық, бырылдақ торғай және

әтеш» орыс халық ертегісінің драмалық қойылымын балалардың көрсетуі.

Әртістер  ретінде ертегі кейіпкерлерінің киімдеріне

киінген балалар сахна артынан шығады.

 

Жүрг.Алдымен ертегі кейіпкерлерін

таныстырады: мысық, торғай, әтеш пен түлкі, кейін балаларға «Мысық, торғай және

әтеш» деп аталатын ертегіні айтып бергісі келетіндігін айтады.Әуен ырғағымен

мысық пырылдап, жұмсақ табандарымен ақырындап көрермендерге жақындайды, кейін

сахна ортасына, шыршаның жанына тоқтап:

Домаланған түрі бар,

Міне қандай мысық.

Табанында тырнақтар

Доптай мысық сырғиды.

Кейін қоразданып әтеш «ко-ко-ко,

ку-ка-ре-ку» деген дауыспен шығады.

Әуен ырғағымен (фонограмамен)

ертегіні айта бастайды.

 

1-көрініс.

Жүрг. Мысық, торғай мен алтын айдарлы

әтеш болыпты. Олар ормандағы үйшіктерінде тұрыпты.

Ірі толтырылған құрылыс

материалдарынан балалар өлең жолдарындағыдай үлкен әдемі үйқұрастырады («Лего» жеңіл модульдері):

Күні бойы тарыс-тұрыс

Қатты дауыс шығады.

Үй салмыз, үлкен үй,

Қанаты бар, түтікті.

Мысық, әтеш пен торғаймен

Тұрады екен сол үйде.

 

Жүрг. Мысық пен торғай орманға ағаш кесуге

кетеді, әтешті жалғыз қалдырады. Кетіп бара жатып, қатаң түрде ескертеді.

Мысық.Біз ұзаққа барамыз, ал сен үйде қал да, үніңді

шығармай отыр!

Торғай.Түлкі келсе, терезеден  басыңды шығарушы болма!

Жүрг. Түлкі мысық пен торғайдың үйде

жоқ екенін біліп алады. Үйшікке жүгіріп келіп, терезенің түбіне отырып алып,

әндетеді...

Түлкі.Әтеш, әтеш, алтын айдарлы әтеш,

          Майлы басты, жұмсақ сақалды,

          Терезен қарашы, бұршақ беремін.

Жүрг. Әтеш терезеден басын шығарады.

Түлкі тырнақтарынан ұстап алып, өзінің ініне алып кетті. Әтеш айқайға салды:

Әтеш.Түлкі мені ну орманға

           Биік-биік таулардан, ағынды көлдерден

         Асырып алып барады.

          Мысық, торғай құтқарыңдар мені!

Жүрг. Мысық пен торғай естіп,

қолдарындағыларын тастай салып, түлкіден әтешті тартып алады.

 

2-көрініс.

Жүрг. Тағы бір күні Мысық пен торғай

орманға ағаш кесуге кетеді, әтешке қатаң түрде ескертеді...

Мысық.Әтеш, енді терезеден басыңды шығарып қарама.

Торғай.Біз бұндан әрі ұзаққа кетеміз, сенің дауысыңды

естімейміз.

Жүрг. Достар кетті, түлкі үйшікке тағы

да келіп, әндетеді...

Түлкі.Әтеш, әтеш, алтын айдарлы әтеш,

          Майлы басты, жұмсақ сақалды

          Терезен қарашы, бұршақ беремін.

Жүрг. Әтеш үндемей отырады, түлкі тағы

да..

Түлкі.Балалар жүгіріп, бидайын төкті

         Шалылып

жатыр, әтештерге бермейді.

Жүрг. Әтеш терзеден қарайды

Әтеш.Ко-ко-ко! Бермегені қалай?

Жүрг. Әтеш терезеден басын шығарды.

Түлкі тырнақтарынан ұстап алып, өзінің ініне алып кетті. Әтеш айқайға салды:

Әтеш.Түлкі мені ну орманға

           Биік-биік таулардан, ағынды көлдерден

         Асырып алып барады.

          Мысық, торғай құтқарыңдар мені!

Жүрг. Мысық пен торғай естіп, қуа

жөнелді. Мысық жүгіреді, торғай ұшады. Қуып жетіп түлкіден әтешті тартып алады

(мысық тартып алады, торғай қуады).

 

3-көрініс.

Жүрг. Ұзақ па, алыс па, Мысық пен

бырылдақ торғай орманға ағаш кесуге кетеді, әтешке қатаң түрде ескертеді...

Мысық.Орманға баруымыз керек. Түлкіні тыңдама, терезенден

басыңды шығарып қарама.

Торғай.Біз бұндан әрі ұзаққа кетеміз, сенің дауысыңды

естімейміз.

Жүрг. Мысық пен торғай алыстағы

орманға ағаш кесуге кетті. Түлкі сол сәтте-ақ жетіп келді. Үйшіктің тезесінің

тұсына келіп, әндетеді...

Түлкі.Әтеш, әтеш, алтын айдарлы әтеш,

          Майлы басты, жұмсақ сақалды

          Терезен қарашы, бұршақ беремін.

Жүрг. Әтеш үндемей отырады, түлкі тағы

да..

Түлкі.Балалар жүгіріп, жаңғағын төкті

         Жайлып  жатыр, әтештерге бермейді.

Жүрг. Әтеш терзеден қарайды

Әтеш.Ко-ко-ко! Бермегені қалай?

Жүрг. Әтеш терезеден басын шығарды.

Түлкі тырнақтарынан ұстап алып, өзінің ініне биік-биік таулардан, ағынды

көлдерден асырып алып кетті. Әтеш қанша айғайлағанымен, шақырғанымен, мысық пен

торғай естіген жоқ. Ал үйлеріне келгенде, әтеш жоқ болып шықты. Мысық пен

торғай түлкінінің ізімен жүгіре жөнелді. Мысық жүгіреді, торғай ұшады. Түлкінің

ініне келеді. Мысық гусли орнатып, даңғырлата бастайды.

 

4-көрініс.

Мысық.Трень-брень, гусельдер, алтын ішектер

                Үйінде ме екен,

         Жылы ұясында ме екен қу

түлкі.

Жүрг. Түлкі тыңдап, тыңдап отырып,

ойланады: «Көрейінші, кім мұншалықты гусельде ойнап, әдемі әндетіп отырған».

Інінен атып шықты. Оны мысық пен торғай бас салды, түлкі әрең дегенде тырнағын

жұлып алды. Ал мысық пен торғай әтешті алып, үйлеріне кетті. Содан бері тұрып

келеді, өмір сүріп келеді, бәріне ақыл-кеңестерін беріп келеді.

 

5-көрініс.

Балалар бәрі бірге хормен:

Бәрің дос болыңдар, ұрысушы болмаңдар.

Доссыз мынау өмірде - өмір сүре алмайсың.

Фонограма ырғағымен хормен «Нағыз

дос» әнін айтады.

Жүрг. Өлең оқиды:

Қиын, қатерлі жолыңда

Не келмейді басыңа.

Орманда жол таба алмай,

Қиындыққа тап болсаң

Берік бол!

Шешуші сәтте достарың,

Созады саған қолдарын.

Әрдайым және әр жерде

Біріміз үшін бәріміз –

Салтымыз сондай біздердің!

3.     Қорытынды.

Жүрг. Көрермендерден алдымен «Мысық,

торғай және әтеш» орыс халық ертегісінің спектаклі ұнады ма деп сұрайды, кейін

ертегінің кейіпкерлеріне орындаған рөлдері үшін алғысын білдіріп, оларға

лайықты марапаттарын тапсырады /әтештің бейнесі бар медаль/. Наградалар

көрермендердің қол шапалақтауымен табысталады.

Просмотров: 371


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram Facebook

   
Ұйымдар тізімі
Текст