1.Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің "Балдәурен" балабақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
-Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-160
-"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны -0
-Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны — 160; ақылы негізде көрсетілетін қызметтер саны-0
-Қағаз нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-0,
электрондық нысанда-160 оның ішінде:
-«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою» — 71
-«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» – 89
2) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
"Балдәурен" балабақшасы МКҚК-да ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет - "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Балабақшада мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының ақпараттық стендісі және әлеуметтік желілер беттерінде балабақшаның ресми интернет-ресурсы арқылы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру ресімделді. Тиімділік пен қолжетімділік мақсатында "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы", Мемлекеттік қызметтерді алуға арналған перифериялық құрылғылар жұмыс істейді, сондай-ақ "eGovmobile"тіректері орнатылған.
2) Ресми интернет-ресурстарда Шортанды кентінің "Балдәурен" балабақшасының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы 2023 жылғы есебін жария талқылау 13.02.2024 ж. жарияланды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік желілер беттерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған жүйе арқылы көрсетіледі akmola.kz;
2) Балабақшаның жауапты тұлғасы 2-3 жылдан кейін сертификат ала отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы біліктілігін арттырады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) 2023 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) Аудандық білім бөлімі 17.08.2023 Ж. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізді.