"Балдәурен" балабақшасында мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін бос орындар бар (әрі қарай МДҰ) .
Қазақ тілінде оқытатын ортаңғы топ-8 бос орын (2020 ж. т. балалар);
Қазақ тілінде оқытатын ересек топ-1 бос орын (2019 ж. т. балалар);
Қазақ тіліндегі тәрбие мен оқытудың мектепалды тобы - 1 бос орын (2018 ж.т. балалар).
Балаға мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін:
1. Жүйенің негізгі парақшасына кіріп, «Мектеп жасына дейінгі балаларды БМҰ-ға кезекке қою» қызметін таңдау қажет;
2. Тізімнен ауданыңызды немесе қалаңызды таңдаңыз (Шортанды ауданы);
3. Ары қарай кілттерді сақтау орны тізімінен кілтті таңдап, ЭЦҚ (AUTH_RSA кілті) көмегімен жеке кабинетке кіріп, «Сертификатты таңдау» батырмасын басу қажет;
4.Ары қарай ЭЦҚ кілтін (AUTH_RSA кілті) жүктеп, құпиясөзді енгізіп, «ОК» батырмасын басу қажет;
5.Құпиясөз дұрыс енгізілген жағдайда, ЭЦҚ иесінің деректері пайда болады. Осы қадамда «Кіру» батырмасын басу қажет;
6.Берілген өтініштер журналын қарап шығу үшін негізгі парақшадағы «Өтініштер журналы» батырмасын басу қажет;
7.Өтінішті ашу үшін өтініш жолағына басу қажет;
8.Балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар тізімін қарап шығу үшін «Мемлекеттік балабақшаны таңдау» батырмасын басу қажет;
9.Ары қарай хабарлама түріндегі терезе пайда болады. Бос орындардың тізімін қарап шығу үшін «ОК» батырмасын басу қажет;
10.Ары қарай пайда болған тізімнен қажетті балабақшаны таңдау қажет;
11.Мектепке дейінгі ұйымды таңдағаннан кейін «Қол қою және жіберу» батырмасын басып, ЭЦҚ (RSA) сертификатын жүктеу қажет;
12.ЭЦҚ-ны жүктегеннен кейін кілттер қоймасына құпиясөзді енгізіп, «Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басу қажет;
13.Таңдалынған кілттің деректері пайда болады. Соңғы қадамда «Қол қою» батырмасын басу қажет;
14.Ары қарай Өтініштер журналындағы «Жалпы құжаттар» қойындысынан мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға қалыптастырылған жолдаманы қарап шығып жүктеуге болады.
Содан кейін сіз (ата-аналар/заңды өкілдер) мектепке дейінгі ұйымға келіп, 5 жұмыс күні ішінде жолдаманы тіркеуіңіз керек.
МДҰ-ға келгеннен кейін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1.Қабылдауға арналған жолдама;
2. Ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3. Баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469
бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген)
бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі
нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
5. Баланың денсаулығы туралы анықтама;
6. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру
қажеттілігі бар балалар үшін).