«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ШОРТАНДЫ КЕНТІНІҢ «БАЛДӘУРЕН» БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ.    
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ДЕТСКИЙ САД «БАЛДӘУРЕН» ПОСЁЛКА ШОРТАНДЫ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ».        

"Біз біргеміз және ерекшеміз" ойын іс-әрекеті

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күні. Осы ақпарат тарату айында балабақшамызда аутист балаларды қолдау және ерекше екенін түсіндіру барысында бірқатар жұмыстар атқарылды. Тәрбиешілер мен балабақшамыздың педагогтеріне аутизм туралы «Аутизм және оның белгілері»  тақырыбында арнайы презентация таныстырылды.

Аутист балалар – жаңбыр балалары деп те аталып жатады. Оларды қолдау барысында ересек топ «Жаңбыр балалары» суретін әр бала өзінше бір әлем деген сеніммен әртүрлі түстерді қолданып бояп шықтық.

Ата-аналарға «Аутизм термині» атты жаднама екі тілде таратылды.

Мектепалды тобымен «Біз біргеміз және ерекшеміз» тақырыбында ойын іс-әрекеті өткізілді.

 Мақсаты: Аутист балаларға қолдау көрсету және олардың әлемнің бір бөлшегі екенін ескеру.

Ойын іс-әрекеті барысы: Ерекше балалармен бірге екенімізді білдіру мақсатында арнайы сурет салдық. Балалармен арнайы нейрожаттығулар мен нейроойындар өткізілді.     


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Instagram Facebook

   
Ұйымдар тізімі
Текст